2025 жылдың 27 қыркүйегі күні Дүниежүзілік туризм күніне орай «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ Алакөл филиалының қызметкерінің ұйымдастыруымен “Тоқжайлау көпсалалы колледжі” студенттері арасында спорттық жарыс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, туризмнің қоғамдағы маңыздылығын дәріптеу және қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Жарыс бағдарламасына:
жорық палатасын құру;
туристік рюкзакты дұрыс жинау;
тауда көрсетілетін алғашқы көмек;
туристік викторина секілді қызықты спорттық кезеңдер енгізілді.
Жарысқа үш команда қатысып, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтары мен ұйымшылдығын көрсетті. Қорытынды бойынша үздік шыққан командалар марапатталып, барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.






