2026 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында колледжімізде өндірісте оқыту шеберлері арасында «Жыл шебері – 2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті. Байқаудың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, өндірісте оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін насихаттау және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Бес кезеңнен тұратын байқауға 7 өндірісте оқыту шебері қатысып, өзара кәсіби бәсекеге түсті. Атап айтқанда:
«Ветеринария» мамандығы бойынша – А. Атманова, А. Слямова;
«Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша – І. Аршабай, Н. Оразханов;
«Туризм» мамандығы бойынша – А. Шарахметов;
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша – Б. Солтанбеков, М. Нусупова.
Байқау кезеңдері қатысушылардың жан-жақты кәсіби дайындығын көрсетуге бағытталды. Олар: таныстыру, мамандыққа байланысты қолөнер жұмысы, мамандыққа қатысты макет жасау, хобби таныстыру, сондай-ақ мамандықты насихаттайтын бейнеролик дайындау кезеңдерінен тұрды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – М. Нусупова
ІІ орын – І. Аршабай
ІІІ орын – А. Слямова
Жүлделі орын иегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар байқау аясында тағайындалған 4 номинация бойынша марапаттарға ие болды.
Аталған байқау өндірісте оқыту шеберлерінің кәсіби тәжірибе алмасуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын арттыруға зор үлес қосты.
2026 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы»
- Қаралды: 15






