Арнайы пәндер апталығында Туризм мамандығының оқытушылары Артықова Рахат Оразбайқызы, Әсел Илясқызы мен өндірісте оқыту шебері Шарахметов Алмас Ардақұлы "Менің тынығу аймағым" атты арт-терапия сабағын өткізді.
Мақсаты:
- Студенттердің эмоционалдық жағдайын реттеу, ішкі күйін шығармашылық арқылы еркін жеткізуге мүмкіндік беру;
- Стрессті жеңілдету, өзін-өзі тану дағдыларын дамыту;
- Туризм саласындағы болашақ мамандардың психологиялық тұрақтылығын арттыру және командалық жұмысқа бейімдеу.
Күтілетін нәтиже:
- Студенттер өз эмоциясын шығармашылық әдістермен білдіре алады;
- Ішкі тынығу аймағын анықтап, оны визуалды түрде бейнелей алады;
- Психологиялық жеңілдік, мотивация және өзара түсіністік деңгейі артады;
- Топ ішінде жағымды атмосфера қалыптасады, коммуникациялық дағдылар нығаяды.






