Бүгін колледжде кәсіби мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында білім беру саласында абыройлы еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз бен оқытушыларымызға құрмет көрсетіліп, түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды. Сонымен қатар, оқу үлгерімімен, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуымен ерекшеленген студенттер де арнайы алғыс хаттар мен мадақтамаларға ие болды.
Бұл шара – ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың, студенттердің еңбегін бағалаудың айқын көрінісі болды.






