Дублер күніне орай @tokzhailay_om мектебімізден келген оқушылар «Туризм» мамандығымен танысып, мамандықтың ерекшеліктері мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды. Шара барысында студенттер мен оқушылар арасында қызықты әңгіме, сұрақ-жауап жүргізіліп, туристік бағыттар, гидтің міндеттері жан-жақты түсіндірілді.
Оқушылар практикада қолданылатын құрал-жабдықтарды көріп, туристік маршрут жасаудың негізгі қадамдарымен танысты. Шара оқушыларға кәсіби бағдар беріп, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды.






