“Дублёр күніне” орай колледжіміздің ветеринария, орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандықтарының студенттері өз салаларына сәйкес мекемелерге барып, тәжірибелік күн өткізді.
Іс-шара барысында студенттер Тоқжайлау ауылындағы “Тоқжайлау АӨК”, “Үйгентас орман шаруашылығы” мекемесі, сондай-ақ Тоқжайлау ауылдық округінің ветеринариялық пунктіне барып, мамандардың күнделікті жұмыс барысымен танысты.
Болашақ мамандар өздерінің теориялық білімдерін іс жүзінде байқап, кәсіби шеберлікті арттырудың маңыздылығын түсінді. Әр мекемеде студенттерге тәжірибелі мамандар бағыт-бағдар беріп, еңбек тәртібі мен қызмет ерекшеліктері жайлы пайдалы ақпараттар ұсынды.
Бұл күн студенттердің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби жауапкершілік сезімін қалыптастырды.
Дублёр күні - білім мен тәжірибені ұштастыратын, болашақ мамандарға шабыт сыйлайтын маңызды шара ретінде есте қалды.






