Тоқжайлау көпсалалы колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Кіру
AA+
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 92
+7 (7285) 92-71-45
+7 (7285) 92-71-15
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
ОҚУҒА ТҮСУ
Тоқжайлау көпсалалы колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
«Тоқжайлау көпсалалы колледжі» МКҚК
«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1.jpg
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
previous arrow
next arrow

«Ғылым, білім және инновация - ел дамуының басты тірегі»

Қазіргі заманда ғылым, білім және инновацияны өзара үйлестіру - Қазақстанның тұрақты дамуы үшін шешуші қадам. Бүгінде еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан ғылым мен технологияның нақты нәтижелерге жетуі аса маңызды.

Ғылым саласында мемлекеттің үлесі басым болғанымен, бюджет қаржысының тиімділігі әлі жеткіліксіз. Жаңа патенттер мен озық технологиялардың, өндірістік жобалардың көбеюі - уақыт талабы. Осы тұрғыда инновациялық саясатты бір орталықтан басқарып, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясының үйлесімді жұмысы қажет.

Университеттерге көбірек дербестік беріп, жасанды интеллектіні кеңінен енгізу - жоғары білімді жаңа деңгейге шығарады. Сонымен қатар, Үкімет дарынды жас ғалымдарды қолдау шараларын күшейтіп, білікті мамандарды елге қайтарудың тиімді жолдарын қарастыруы тиіс.

Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын жетілдіру де өзекті. Шетелден елімізге үлес қоса алатын тәжірибелі мамандарды тарту - болашақ үшін маңызды қадам. Олардың Қазақстанда тұрақтап қалуына жағдай жасау керек.

Қазіргі заманның басты талабы - сапалы адами капитал қалыптастыру. Себебі білімді, білікті және іскер азаматтар - ұлттық экономиканың өзегі әрі ел болашағының кепілі.