Бүгін жас маман Әсел Ильясқызының ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім – болашаққа нық қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің кәсіптік білімге деген көзқарасын қалыптастыру, мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру және заманауи еңбек нарығындағы талаптар жайлы пікір алмасу болды.
Шара барысында студенттер ойларын ортаға салып, болашақ мамандықтың жауапкершілігі мен артықшылықтары туралы өз көзқарастарын білдірді.






