21.01.2026 жылы колледж студенттері арасында терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайларда әрекет ету тәртібі бойынша түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында студенттерге төтенше жағдай кезінде сабыр сақтау, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, эвакуациялау тәртібі, күдікті заттар мен тұлғалар анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ құзырлы органдарға жедел хабарлау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, терроризмнің алдын алу бағытында жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жалған ақпаратқа сенбеу, әлеуметтік желілердегі күмәнді шақырулардан сақтану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.






