Тоқжайлау көпсалалы колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Кіру
AA+
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 92
+7 (7285) 92-71-45
+7 (7285) 92-71-15
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
ОҚУҒА ТҮСУ
Тоқжайлау көпсалалы колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
«Тоқжайлау көпсалалы колледжі» МКҚК
«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1.jpg
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
previous arrow
next arrow

Колледжде сталкинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс аясында Алакөл АПБ ЮПТнің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Н. Менжулинамен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында инспектор «сталкинг» ұғымына түсінік беріп, оның негізгі түрлері — жабысқақ қудалау, аңду, үнемі қоңырау шалу мен хабарламалар жіберу, қорқыту, интернет желісі арқылы қудалау сияқты әрекеттер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, жәбірленушілерге келетін құқықтық және психологиялық салдарлар, сондай-ақ құқық бұзушылардың заң алдындағы жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шара барысында жеке қауіпсіздік мәселелеріне, сталкинг жағдайына тап болған кезде әрекет ету алгоритміне және құқық қорғау органдарына жүгіну жолдарына ерекше назар аударылды. Кездесу профилактикалық сипатта өтіп, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.