«Өмірге салауатты қадам» тақырыбында жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу мақсатында түсіндіру шарасы өткізілді.
Іс-шараны колледждің медбикесі ұйымдастырып, студенттерге синтетикалық есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашақ өміріне тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, тәуелділіктің алдын алу жолдары түсіндіріліп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Түсіндіру шарасы жастардың жауапкершілігін арттырып, денсаулықты сақтауға бағытталған пайдалы ақпарат берумен қорытындыланды.






