«Ұрпақтар сабақтастығы – тәуелсіздіктің тірегі» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, ұлт тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру, аға буын мен жас буын арасындағы рухани байланысты нығайту. Сонымен қатар, студенттерге елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, тәуелсіз елдің жауапты азаматы болуға тәрбиелеу көзделді.






