Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
«Нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай колледжімізде оқытушылар мен студенттер арасында достық рухындағы баскетбол жарысы өтті. Спорттық шараның басты мақсаты - жастарды жат әдеттерден сақтандырып, белсенді өмір сүруге үндеу.
Тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын: «Туризм» мамандығы
ІІ орын: «Ветеринария» мамандығы
ІІІ орын: «Орман шаруашылығы» мамандығы
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Есірткіге - жоқ, спортқа - иә дейміз!






