2025 жылдың 7 қазан күні студенттермен «Заң және тәртіп» тақырыбында әңгіме өткізілді. Іс-шараға Жетісу облысы ПД УМПС бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бельгибаева А.Е. және Алакөл аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Менжулина Н.В. қатысты. Кездесу барысында құқықтық тәртіптің негізгі ұғымдары, азаматтардың міндеттері мен құқықбұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Заң және тәртіп
- Қаралды: 67






