03.02.2026 ж.
«Закладчики. Мать» деректі фильмі
Колледж студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Закладчики. Мать» атты деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильм барысында есірткі айналымына араласудың жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға әкелетін орны толмас зардаптары нақты өмірлік оқиғалар негізінде ашып көрсетілді.
Көрсетілімнен кейін студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау және болашаққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды. Аталған шара жастардың саналы таңдау жасауына және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына бағытталды.






