Тоқжайлау көпсалалы колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Кіру
AA+
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 92
+7 (7285) 92-71-45
+7 (7285) 92-71-15
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
ОҚУҒА ТҮСУ
Тоқжайлау көпсалалы колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
«Тоқжайлау көпсалалы колледжі» МКҚК
«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1.jpg
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
previous arrow
next arrow

Жетісу облысында Жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде қорытындыланды

Жетісу облысы бойынша Жұмысшы мамандықтар жылының жабылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында жыл бойы еңбек адамының беделін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Салтанатты жиында өңірдің үздік педагогтары, өндірістік оқыту шеберлері, колледж студенттері марапатталып, халықаралық және республикалық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауларында, оның ішінде WorldSkills Kazakhstan 2025, TurcikSkills, WeldingSkills, AgroLeague, AstauFest чемпионаттарында жеңіске жеткен үздіктерге құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар дуальды оқыту жүйесін дамытуға үлес қосқан колледждер, кәсіпорындар мен тәлімгерлер «Кәсіби маман» конкурсы аясында арнайы номинациялармен марапатталды.

Жұмысшы мамандықтар жылы - жастардың кәсіби әлеуетін ашуға, еңбекке деген құрметті нығайтуға және білікті кадрлар даярлауға бағытталған маңызды кезең ретінде өз мәресіне жетті.